ФИФА ӘЧ-2026 қарсаңында футбол ережелеріне өзгеріс енгізді

Сарапшы, спорт журналисі

Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысты бірқатар жаңа ережелерді бекітті. Өзгерістер матч барысында уақытты әдейі созуды азайтуға және төрешілер шешімдерінің дәлдігін арттыруға бағытталған.

ФИФА ӘЧ-2026 қарсаңында футбол ережелеріне өзгеріс енгізді
Фото: GETTY IMAGES

Ережелер 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтетін футболдан әлем чемпионатында күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, ауыстырылатын ойыншы алаңнан 10 секунд ішінде шығуы тиіс. Егер футболшы уақыт созатын болса, оның орнына шығатын ойыншы бір минут өткеннен кейін ғана алаңға кіре алады. Бұл шара ауыстырудың әдейі кешігуін болдырмауға арналған.

Сонымен қатар ауттан лақтыруға бөлінетін уақыт та қысқартылды. Енді ойыншы допты ойынға 5 секунд ішінде қосуы керек, талап орындалмаса, допқа иелік ету құқығы қарсылас командаға беріледі. ФИФА-ның айтуынша өзгеріс матчтардың жоғары қарқынын сақтауға  арналған.

Жаңа медициналық ережелер бойынша, алаңда дәрігерлік көмек алған футболшы ойын қайта басталғасын кемінде бір минут өткеннен кейін ғана матчқа қайта орала алады.

VAR жүйесінің мүмкіндігі көбейді

ФИФА сондай-ақ VAR жүйесінің қолданылу аясын да кеңейтті. Енді төрешінің нақты қателігі анықталса бейне көмекшілер екінші сары карточка көрсетілген эпизодтарды және бұрыштама доп тағайындау туралы шешімдерді қайта қарай алады. Жаңа ережелер әлем кубогы тарихындағы ең түбегейлі өзгерістердің бірі болмақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір