Максим Самородов "Ахмат" сапында тағы да нәтижелі ойнады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов нәтижелі пас бергенімен "Ахмат" Ресей Премьер-лигасының 21-туры аясындағы матчта жеңісті ұстап қала алмады.

Максим Самородов "Ахмат" сапында тағы да нәтижелі ойнады (ВИДЕО)
NUR.KZ

Самородовтың пасынан кейін “Ахмат” алға шықты

Ресей Премьер-лигасының 21-туры аясында Грозныйдың “Ахматы” сырт алаңда Тольяттидің “Акронымен” кездесті. Тартысқа толы өткен матч 1:1 есебімен аяқталды.

Кездесудегі алғашқы голды қонақтар соқты. 27-минутта қазақстандық шабуылшы Максим Самородов тамаша нәтижелі пас шығарып, оны ресейлік форвард Георгий Мелкадзе сәтті пайдаланды. Осылайша “Ахмат” алға шықты.

Алайда үзілістен кейін ойын сценарийі грозныйлық клуб үшін қиындай түсті. Матчтың 47-минутында бразилиялық жартылай қорғаушы Силва Лима екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Бір ойыншыдан айырылғаннан кейін “Ахмат” ойын құрылымын өзгертіп, қорғанысқа көбірек көңіл бөлуге мәжбүр болды.

VAR бір голды жоққа шығарды

Сан басымдығын пайдалануға тырысқан алаң иелері 63-минутта гол соққан. Алайда VAR эпизодты қайта қарап, есепке алмады.

Соған қарамастан “Акрон” шабуылды үдете түсті. Нәтижесінде матчтың 85-минутында ресейлік шабуылшы Артем Дзюба мергендік танытып, таразы басын теңестірді.

Осылайша матч 1:1 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, бұған дейін “Ахмат” сапына тағы бір қазақстандық футболшы — Ғалымжан Кенжебек ауысқан. Бірақ ол бұл матчта алаңға шыққан жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір