Forbes тізіміндегі миллиардер "Астанаға" қатысты қауесетке жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық танымал кәсіпкер Берік Қаниев "Астана" ФК ортақ иесі атанды деген ақпаратқа пікір білдірді.

Forbes тізіміндегі миллиардер "Астанаға" қатысты қауесетке жауап берді
instagram/@berik_kaniyev

"Астананың" жекешеленуі жайлы әңгіме қыза түсті

Соңғы уақытта бірқатар бұқаралық ақпарат құралы мен әлеуметтік желілерде Lancaster Group басшысы Берік Қаниевтің "Астана" клубының тең иелерінің қатарына қосылғаны туралы ақпарат тараған.

Бірақ кәсіпкер бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Берік Қаниев: "Қазір ондай жоспар жоқ" 

Берік Қаниев әлеуметтік желідегі парақшасында бұл мәселеге қатысты нақты ұстанымын жариялады.

"Достар, бүгін бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде менің “Астана” футбол клубының ортақ иелерінің қатарына қосылғаным туралы ақпарат тарады. Сенім мен қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Дегенмен, қазіргі таңда ондай жоспар жоқ екенін нақтылағым келеді. Менің күш-жігерім мен ресурстарым қазір ең қажет бағытқа — балалар футболын дамытуға және “Жас Қыран” академиясына жұмылдырылған. Бұл мен үшін басты басымдық болып қала береді. Ресми мәлімдемелерге сүйеніңіздер", — деп жазды ол.

Кәсіпкердің айтуынша, оның қазіргі басты мақсаты — кәсіби клубқа инвестиция салу емес, елдегі балалар футболын дамыту. Әсіресе "Жас Қыран" академиясының жұмысына басымдық беріп отырғанын ашық жеткізді.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында тағы бір қазақстандық ірі кәсіпкер — құрылыс саласындағы танымал бизнес өкілі Айдын Рахымбаевтың та "Астана" клубын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы мәлімет тарады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір