Солтүстік Корея 16 жылдан соң әлем чемпионатына оралады

Сарапшы, спорт журналисі

FIFA президенті Джанни Инфантино КХДР әйелдер құрамасын 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуымен құттықтады.

"КХДР құрамасын 2027 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатына шығуымен құттықтаймыз! 2011 жылдан кейінгі бұл оралу ел мен жанкүйерлер үшін үлкен мақтаныш. Келесі жылы сіздермен кездесуді асыға күтемін!"

Солтүстік Корея құрамасы 2026 жылғы Азия кубогының іріктеу кезеңі арқылы мундиальға шықты. Әйелдер арасындағы әлем чемпионатына іріктеуде соңғы мүмкіндік  плей-офф кезеңі арқылы өтті. Шешуші Тайваньға қарсы матчта Хон Сон Ок хет-трик жасап 4:0 есебі арқылы ірі жеңіске жетудің арқасында құрама жолдамаға ие болды.

Еске сала кетсек, Солтүстік Корея соңғы рет әлем чемпионатына 2011 жылы қатысқан. Аталған турнирде бес ойыншыдан стероидтер табылып дисквалификацияланды.

Ресми түсіндірмеде допинг жағдайы бұғы мүйізі негізіндегі препаратпен байланысты болғаны айтылған. Команда ФИФА-ның шеттетуіне байланысты 2014 жылғы Азия кубогын жіберіп, 2018 жылы іріктеуден өте алмады. Ал кейіннен COVID-19 вирусы әсерінен пандемия кезінде саяхат шектеулеріне байланысты турнирге қатыса алмады.

2027 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Бразилияда өтеді. Финалдық кезеңге шығу Солтүстік Кореяның әйелдер футболына жаңа серпін беріп, құраманың көптеген жылдар бойы оқшауланғаннан соң бәсекеге қабілетті болып оралғанын көрсетеді. Бас жаттықтырушы Ри Сон Хо 2024 жылы 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы әлем чемпионатында команданы жеңіске жеткізген ойыншыларды бұл жолы да құрамаға қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір