Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-ге оралуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі

Қазіргі таңда ресейлік "Ахмат" клубында өнер көрсетіп жүрген футболшы бейімделу кезеңінде қиындықтарға тап болған.

Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-ге оралуы мүмкін
KazFootball.kz

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек жақын арада Қазақстан Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы Amanvibe хабарлады. 

"Ахматта" негізгі құрамға ене алмай жүр

Қазіргі таңда ресейлік "Ахмат" клубында өнер көрсетіп жүрген футболшы бейімделу кезеңінде қиындықтарға тап болған.

Станислав Черчесов жаттықтыратын командада Кенжебек әзірге негізгі құрамнан тұрақты орын ала алмады.

Осы жағдайға байланысты бірқатар қазақстандық клубтар ойыншыны жалға алу нұсқасын қарастырып жатыр.

Дереккөз мәліметінше, Кенжебекке қызығушылық танытқан клубтар:

  • "Ордабасы"
  • "Ақтөбе"
  • "Елімай"

Шымкенттік клуб футболшыны осы трансферлік терезеде-ақ қайтаруға ниетті.

Айта кетейік, футболшының өзі бұған дейін "Қазақстанға оралсам, "Елімайда" ойнағым келеді," - деп мәлімдеген болатын.