"Астана" клубын сатып алуға үміткер пайда болды

Сарапшы, спорт журналисі

Ірі құрылыс холдингі елордалық клубты жекешелендіруге ниетті. 

"Астана" клубын сатып алуға үміткер пайда болды
NUR.KZ

Қазақстан футболындағы ең титулды клубтардың бірі — "Астана" жақын арада жаңа инвесторға өтуі мүмкін. Елордалық команданы сатып алуға ірі компания қызығушылық танытып отыр.

Aman vibe ақпаратына сәйкес, "Астана" клубын жекешелендіруге ВД Строй-Инжиниринг құрылыс холдингі ниет білдірген.

Компания туралы:

  • Құрылған жылы: 2004
  • Қызылордада 11 000 орындық стадион салған
  • Астана мен Түркістанда ипподромдар салған
  • "Медеу" спорт кешенін қайта жаңғыртуға қатысуда
  • Алматыда жаңа футбол стадионын салумен айналысады

2025 жылдың желтоқсан айынан бастап компанияның бақылау кеңесін Еркін Оқасов басқарады. Сонымен қатар, Қазақстан күрес федерациясының президенті. 

Қазіргі таңда әлеуетті инвестор клубқа аудиторлық тексеріс жүргізіп жатыр. Қаржылық және ұйымдастырушылық жағдайды бағалауда. 

"Астананың" қазіргі жағдайы

Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымында елордалық клуб:

  • 5 матчтан кейін — 8 ұпай
  • Турнирлік кесте — 5-орын