Қазақстандық миллиардердің клубы Англияда керемет камбэк жасады
"Уиком Уондерерс" соңғы минуттарда есепті теңестіріп кетті.
sport-pulse.kz
Англия Бірінші лигасының 43-туры аясында қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзеге тиесілі "Уиком Уондерерс" клубы "Хаддерсфилд Таунмен" кездесіп, соңғы секундтарда тең нәтижеге қол жеткізді.
Матч өте тартысты өтті. Жанкүйерлерге нағыз футбол драмасын сыйлады. 35-минутта Натан Лоу ("Уиком") есеп ашты. Араға бірнеше минут салып, Райан Ледсон ("Хаддерсфилд") есепті теңестірді. Кейін Маркус Харнесс алаң иелерін алға шығарды.
Матчтың соңғы бөлігінде ойын одан сайын қыза түсті.
- 90-минут — Коннор Тейлор (2:2)
- 90+6 — Харнесс дубль жасап, "Хаддерсфилдті" қайта алға шығарды
- 90+11 — Натан Лоу екінші голын соғып, "Уикомды" жеңілістен құтқарды.
Қорытынды есеп: 3:3.
Аталған мачтан кейін командалардың турнирлік кестедегі жағдайы мынадай: "Хаддерсфилд Таун" 62 ұпаймен 8-орынға жайғасса, 60 ұпайы бар "Уиком Уондерерс" 11-орында келеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet