Қазақстан УЕФА турниріне қатысатын ойыншыларды жариялады
Талғарда өтетін халықаралық жарыста отандық команда үш елмен күш сынасады.
kff.kz
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі қыздар құрамасы УЕФА дамыту турниріне қатысатын құрамын ресми түрде жариялады.
Бұл додада қазақстандық жас футболшылар Эстония, Израиль және Өзбекстан футболшыларымен күш сынасады.
Матчтар 2, 4 және 8 мамыр күндеріне жоспарланған. Барлық ойын Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар базасында өтеді.
Дайындық кезеңі
Команда турнир алдындағы оқу-жаттығу жиынын 25 сәуірден бастап Алматыда бастады.
Қақпашылар
- Ақнұр Жақсыкелді ("Қайрат")
- Екатерина Алещенко ("Қайрат")
- Айша Шәріп ("Астана")
Қорғаушылар
- Кәусар Алпысбай, Динара Дүрмекбаева, Елизавета Остертак, София Яшкова (барлығы – "Қайрат")
- Сәбина Айтчанова, Валерия Косарева ("Ертіс")
- Айнель Сманова ("Астана")
- Анастасия Шерстнева ("Тобыл")
Жартылай қорғаушылар
- Айнұр Ануарбек, Нурай Болатова ("Жетісу")
- Саида Дүйсембаева ("Шахтер")
- Оксана Никитченко ("Қайрат")
- Алина Сартаева ("Тобыл")
- Даяна Төлебаева ("Ақтөбе")
- Жібек Марат ("Зенит-Аланья", Түркия)
Шабуылшылар
- Айжан Есіркепова ("Ақтөбе")
- Зарэма Максот, Софья Рыбак ("Астана")
- Милена Николенко, София Ягудина ("Қайрат")
- Тахмина Ташбоева ("Тараз")
- Балжан Төлеміс ("Жетісу")
Команданы турнирге бас бапкер Юлия Мамонова дайындауда.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet