"Қайрат" Астанада жеңіп, ҚПЛ-да жеке-дара көш бастады (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Қазақстан Премьер-лигасының 8-турында "Қайрат" павлодарлық "Ертістен" басым түсті.

"Қайрат" Астанада жеңіп, ҚПЛ-да жеке-дара көш бастады (ВИДЕО)
kazfootball.kz

Сырт алаңдағы маңызды үш ұпай

“Астана Аренада” өткен ойын қарқынды басталды. “Ертіс” Темірлан Анарбеков қорғаған қақпа маңында бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Бірақ павлодарлықтар өз мүмкіндіктерін голға айналдыра алмады.

Бірінші таймда есепті Ойва Юккола ашты. Алматылық жартылай қорғаушысының дәл соққысы команда ныалға шығуға мүмкіндік берді.

Үзілістен кейін “Ертіс” таразы басын теңестіруге тырысты. Шабуылға көбірек көңіл бөлгенімен шешуші сәттерде дәлдік жетіспеді. Кейін ойын біршама теңесіп, “Қайрат” доп бақылауын күшейту арқылы басымдығын сақтап қалды.

“Қайрат” көш бастады

Бұл жеңістен кейін “Қайраттың” еншісінде 18 ұпай болды. Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде жеке-дара бірінші орынға көтерілді.

Ал “Ертіс” 6 ұпаймен 12-орында келеді.

Материалда: