"Ордабасыны" жеңсе, "Ақтөбе" футболшыларына 100 млн теңге таратылмақ
Шымкенттегі матч алдында ірі сыйақы туралы ақпарат тарады.
Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры аясында "Ордабасы" – "Ақтөбе" ойыны алдында күтпеген ақпарат пайда болды. Жеңіс жағдайында ақтөбелік футболшыларға қомақты сыйақы төленуі мүмкін.
100 миллион теңге бонус
Журналист Ермұхамед Мәуленнің мәліметінше, "Ақтөбе" клубының басшылығы команда Шымкентте жеңіске жетсе, 100 миллион теңге көлемінде бонус беруді қарастырып отыр.
"Бүгін "Ақтөбе" Шымкентте жеңіске жетсе, клуб басшылығы ірі көлемде премия қарастыруда. Біздің инсайд бойынша 100 миллион теңге. Жекелей сыйақы да қарастырылады - гол салған ойыншыға ақашалай ынталандыру бар", – деп жазды Мәулен.
Матч қашан өтеді?
"Ордабасы" мен "Ақтөбе" арасындағы ойын 3 мамыр күні Шымкентте** өтеді. Матчтың басталуы – 20:00 (Астана уақыты).
Бұл кездесу турдың орталық матчтарының бірі саналады. Екі команда да жоғары орындар үшін күресіп жатқандықтан, ойын нәтижесі турнир кестесіне тікелей әсер етеді.