"Ордабасы" матчынан кейінгі трибуна көрінісі сынға ұшырады
Тазалық мәселесі қоғам назарын аударды.
Шымкентте өткен "Ордабасы" – "Ақтөбе" матчы тек алаңдағы ойынмен емес, одан кейінгі жағдаймен де қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары стадион трибуналарында қалған қоқысқа байланысты жанкүйерлердің мәдениетіне сын айтты.
Трибунадағы көрініс – қоғам реакциясы
Ойыннан кейін түсірілген кадрларда жанкүйерлер отырған секторларда қоқыстың көп қалғаны байқалады.
Кейбір қолданушылар жанкүйерлердің тазалық сақтамауын сынға алса, енді бірі стадион мәдениеті мәселесін көтерді.
"Анамызбен жасты адамдар жинап шығады екен. Командаға қолдауды тазалықтан бастайықшы шымкенттіктер".
"Осындай жанкүйерлерді жеп көремін! Сол затты алып кетуге бір жерлері түсіп қала ма?"
Сарапшылардың пікірінше, жанкүйер мәдениеті тек стадионда қолдау көрсету емес, сонымен қатар қоғамдық тәртіп пен жауапкершілікті де қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, ҚПЛ-дің 8-туры аясында "Орабасы" өз алаңында "Ақтөбені" қабылдаған болатын. Тартысты ойын шымкенттік ұжымның пайдасына шешілді.