20 жылдан кейінгі тарихи сәт: "Арсенал" Чемпиондар лигасының финалына шықты
Лондондық "Арсенал" 2025/2026 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. Микель Артетаның шәкірттері жартылай финалдың қарымта кездесуінде "Атлетиконы" жеңді.
"Арсенал" — "Атлетико": шешуші жеңіс
Жартылай финалдың алғашқы ойынында қос команда 1:1 есебімен тең түскен еді. Сондықтан Лондондағы қарымта матч нәтижесі аса маңызды болды.
Нәтижесінде" Арсенал" өз алаңында минималды есеппен жеңіске жетіп, екі ойын қорытындысы бойынша финалға шықты. Жалғыз голды 45-минутта Букайо Сака соқты.
Финалда қарсылас кім болады?
Енді "Арсенал" Чемпиондар лигасының финалында "Бавария" — ПСЖ жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл финал лондондық клуб үшін тарихи мүмкіндік болмақ.
"Арсенал" бұған дейін Чемпиондар лигасының финалына 2006 жылы шыққан. Ол кезде ағылшындық клуб Париждегі "Стад де Франс" аренасында "Барселонадан" 1:2 есебімен жеңілген.