"ПСЖ" "Бавариядан" өтті: париждіктер Чемпиондар лигасының финалында "Арсеналмен" ойнайды
"ПСЖ" Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Бавариямен" тең түсіп, екі матч қорытындысы бойынша финалға жолдама алды.
Дембеле ерте гол соқты, Кейн соңғы минутта жауап қайтарды
Кездесу өте тартысты басталды. Париждік клуб небәрі 3-минутта есеп ашты. Гол авторы – Усман Дембеле.
Ал "Бавария" ойын соңына дейін таразы басын теңестіруге тырысты. Неміс клубының қысымы тек қосымша уақытта нәтиже берді. 90+4-минутта Харри Кейн гол соғып, матчтағы қорытынды есепті орнатты.
Матвей Сафонов "ПСЖ" -ны бірнеше рет құтқарды
Бұл ойында "ПСЖ" қақпашысы Матвей Сафонов сенімді өнер көрсетті. Ресейлік голкипер матч барысында бес сейв жасап, командасының финалға шығуына елеулі үлес қосты.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу 5:4 есебімен "ПСЖ" пайдасына аяқталған еді. Қарымта ойындағы тең есептен кейін париждіктер жалпы нәтиже бойынша қарсыласынан басым түсіп, Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды.
Финалдағы қарсылас – "Арсенал"
Енді "ПСЖ" Чемпиондар лигасының финалында лондондық "Арсеналмен" кездеседі.
Айта кетейік, ширек финалда париждіктер екі матч қорытындысы бойынша "Ливерпульді" 4:0 есебімен жеңген. Ал "Бавария" сол кезеңде мадридтік "Реалдыч 6:4 есебімен жарыстан шығарған еді.