Семейде Амангелді Сейітханды еске алуға арналған турнир аяқталды

Бас редактор

Республикалық жарысқа еліміздің 6 облысы мен 4 қаласынан 12 команда қатысты.

Семейде Амангелді Сейітханды еске алуға арналған турнир аяқталды
penalty.kz

Семей қаласында БАҚ өкілдері арасында белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтті. 

Seitkhan Cup турниріне жалпы саны 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады: 

Жарысқа:

  • "Qazaqstan TV"
  • "Абай облысы"
  • "Aqmeshit"
  • "Атырау"
  • "Kazmedia"
  • "Qareket"
  • "Семей"
  • "Setanta"
  • "Тараз Пресс"
  • "Хабар"
  • "Шымкент"
  • "Bek Sport"

Турнир қорытындысы бойынша, Абай облысы командасы ақтық сында "ҚазМедиа" командасымен кездесіп, пенальти сериясында жеңіске жетті. Үшінші орын Жетісу облысының "Қаракет" командасына бұйырды. 

Жүлде қоры

Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы табысталды:

  • І орын — 2 миллион теңге
  • ІІ орын — 1 миллион теңге
  • ІІІ орын — 500 мың теңге

Бұдан бөлек, турнир барысында үздік өнер көрсеткен ойыншылар бірнеше номинация бойынша марапатталды:

  • "Үздік сұрмерген"
  • "Үздік қақпашы"
  • "Үздік қорғаушы"
  • "Үздік шабуылшы"
  • "Үздік ойыншы"

Айта кетейік, Seitkhan Cup турнирі 2022 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін жарыс Алматы қаласында өткен болса, биыл алғаш рет Амангелді Сейітханның туған жері — Семейде өткізілді.

Жабылу салтанатында сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Берік Уәли командаларға алғыс білдірді:

"Бүгінгі жарысымыз өте жоғары деңгейде өтті деп есептейміз. Оған бүгінгі алаңдағы тартысты ойындар дәлел. Баршаңызды Амангелді Сейітхан турниріне арнайы келіп, Семей жерінде жарыстың көрігін қыздырғандарыңыз үшін облыс жұртшылығы атынан алғыс айтамын", – деді облыс әкімі.