Роналду "Әл-Наср" сапында 100 гол соғып, рекорд жаңартты

Спорт шолушысы

Криштиану Роналду Сауд Арабия чемпионатының 33-турында "Әл-Шабабқа" қарсы ойында жеке рекордын жаңартты.

41 жастағы португалиялық жұлдыз 75-минутта Садио Маненің пасынан кейін гол соғып, ел чемпионатындағы 100-ші голын тіркеді. Бұл нәтижемен Роналду Сауд Арабия лигасында осындай көрсеткішке жеткен алғашқы еуропалық ойыншы атанды. Бұған дейін аталған межеге тек Абдерразак Хамдалла мен Омар Аль-Сома жеткен. Осы маусымда футболшы 28 матчта 26 гол соғып, 3 ассист жасаған. 

"Роналду әрқашан шабуылда қауіпті және бүгін біз бұған тағы да көз жеткіздік", - деді “Әл-Наср” бапкері Жорже Жезус.

Қазір шабуылшыға рекордтық 1000 межеге дейін 29 ғана гол соғу қалды. Бұл футбол тарихындағы ең ірі жеке рекордтардың бірі болуы мүмкін. Ал “Әл-Наср” жеңістердің арқасында 82 ұпаймен чемпионатта көшбасшылық күресін жалғастырып келеді.

Футбол тарихындағы аңыз сұрмергендер кім?

Футбол әлемінде 1000 және одан көп гол соғу өте сирек кездесетін жетістік. Ресми деректер мен тарихи статистикаға сүйенсек, бұл межеге жеткен ойыншылар саны шектеулі. Топ ойыншылар қатарына Йозеф Бицан, Герд Мюллер, Пеле, Ференц Пушкаш, Ромарио сынды аты аңызға айналған сұрмергендер кіреді. Бұл тізімдегі Пеленің соққан голдарының санын ФИФА нақты бекітпегендіктен әртүрлі дереккөздерде 1281-ден 1284-ке дейін өзгеріп отырады.