"Реал" негізгі ойыншысын эль-классикоға қатыстырмайтын болды

Спорт шолушысы

Федерико Вальверденың алдағы "Барселонаға" қарсы өтетін маңызды матчқа қатысуы екіталай. 

"Реал" негізгі ойыншысын эль-классикоға қатыстырмайтын болды
Getty Images

Клубтың ресми мәліметіне сәйкес, уругвайлық футболшыға медициналық тексерістен кейін ми жарақаты диагнозы қойылған. Дәрігерлердің шешімі бойынша Вальверде толық демалыс режимінде болуы тиіс.

“Феде Вальвердеге “Реалдың” медициналық қызметтері жүргізген бүгінгі сынақтардан кейін ми жарақаты диагнозы қойылды. Вальверденің жағдайы жақсы және осы диагноздың медициналық хаттамаларында көрсетілгендей футболшыға 10-14 күн тыныштық режимінде тынығу керек”, - деп клуб мәлімдемеде хабарлады.

10 мамырда өтетін “Барселона” мен “Реал” ойыны чемпиондық тағдырын шешуі мүмкін. Қазір турнир кестесінде “Барселона” 88 ұпаймен көш бастаса, “Реал Мадрид” 77 ұпаймен 2-орында тұр. Каталондықтар бұл кездесуде кем дегенде бір ұпай алса, Испания чемпионы атанады.

Команда ішіндегі жанжал

БАҚ деректеріне сүйенсек, Вальверде Орельен Тчуаменимен киім ауыстыру бөлмесіндегі жанжалдан кейін басынан жарақат алған. Тіпті, ойыншының қысқа уақытқа есінен танып қалғаны да белгілі болды.

“Реал Мадрид” басшылығы екі ойыншыға қатысты ішкі тәртіптік тексеріс бастаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, футболшыларға осы жағдайдан кейін ойыннан шеттету, жалақыны уақытша тоқтату немесе клубтан шығару сынды шаралар қолданылуы мүмкін.