Ғалымжан Кенжебек "Ахматты" жеңілістен құтқарды (ВИДЕО)
Футболдан Ресей чемпионатының 29-турында Грозныйдың "Ахмат" клубы Махачкаланың "Динамосын" қабылдады.
Матчтың бірінші таймында қонақтар есеп ашып, ұзақ уақыт бойы жеңісті нәтижені ұстап тұрды. Дегенмен кездесудің соңғы бөлігінде алаңға қосалқы құрамнан шыққан Ғалымжан Кенжебек командасын қиын жағдайдан құтқарды.
Ол 83-минутта қарсылас қақпаны дәл көздеп, әдемі голдың авторы атанды. Осылайша отандасымыздың нәтижелі соққысы "Ахматқа" маңызды ұпай сыйлады.
Айта кетейік, бұл кездесуде тағы бір қазақстандық футболшы Максим Самородов та алаңға шықты. Бірақ гол немесе нәтижелі паспен көзге түсе алмады.
29-турдан кейін грозныйлық клуб Ресей Премьер-лигасының турнир кестесінде 9-орында келеді. Команданың еншісінде 36 ұпай бар.
"Ахмат" РПЛ-дың соңғы турында сырт алаңда "Сочиге" қарсы ойнайды.