"Тараз" Бірінші лиганың орталық матчында "Тұранды" жеңді

Бокс шолушысы

Футболдан Бірінші лиганың 6-турындағы маңызды кездесуде "Тараз" Түркістанда "Тұраннан" басым түсті.

"Тараз" Бірінші лиганың орталық матчында "Тұранды" жеңді
instagram/@fc.turan

“Тараз” жеңісті қалай жұлып алды?

Тараздықтар ойын тізгінін өз қолында ұстап, нәтижелі шабуылдарымен көзге түсті. Қонақтар сапында Диас Қалыбаев пен Аманжол Мұхамеджанов гол соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады.

Бұл жеңіс “Тараз” үшін турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазір әулиеаталықтардың еншісінде 12 ұпай. Олар Бірінші лига кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал “Тұран” дәл осындай ұпай көрсеткішімен үшінші сатыға орналасты. 

“Тұран” келесі турда сырт алаңда “Қайраттың” екінші командасымен кездеседі. Ал “Тараз” өз алаңында “Арысты” қабылдайды.

“Тұрандағы” өзгерістер

Айта кетейік, 2026 жылдың басында “Тұран” ФК кәсіпкер Дінмұхамед Ыдырысовтың бақылауына өткен. Наурыз айында команданың бас бапкері қызметіне белгілі маман Виктор Кумыков тағайындалды. Оның көмекшісі ретінде Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақов жұмыс істеп жатыр.