Жаппай тәртіпсіздік. Франция чемпионатында жанкүйерлер матчты тоқтатып тастады

Бас редактор

"Нант" пен "Тулуза" матчы 22-минутта тоқтатылды.

Францияның Лига 1 чемпионатында оқыс оқиға болды. Ел біріншілігінің соңғы турында "Нант" пен "Тулуза" арасындағы кездесу уақытысынан бұрын тоқтатылды. Оған жанкүйерлердің тәртіпсіздігі себеп. Матчтың бірінші таймда фанаттар түтін шашкаларын лақтырып, жаппай алаңға жүгіріп шыққан. Осыған байланысты ойын 22-минутта, есеп 0:0 болып тұрған кезде тоқтатылды.

Кейін Франция Лига 1 баспасөз қызметі матч сол кеште қайта жалғаспайтынын мәлімдеді.

"Нант" пен "Тулуза" арасындағы кездесу тоқтатылды және бүгін кешке қайта жалғаспайды", — делінген лига мәлімдемесінде.

"Нант" бапкері жанкүйерлермен сөзге келді

Оқиға кезінде "Нанттың" бас бапкері Вахид Халилходжич жанкүйерлермен сөзге келіп қалған. Алаңдағы жағдай тез ушыққандықтан, матчты жалғастыру мүмкін болмады.

Францияның спорт министрі Марина Феррари болған жағдайды қатаң сынға алды. Ол стадиондағы зорлық-зомбылыққа жол беруге болмайтынын айтып, тәртіп сақшыларына атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

"Нант" Лига 1-ден шығып қалды

"Нант" үшін бұл матч турнирлік тұрғыдан да ауыр кезеңде өтті. Команда Франция чемпионатының кестесінде 17-орында тұр және элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу мүмкіндігінен айырылған.

Келесі маусымда "Нант" екінші дивизионда өнер көрсетеді. Ал "Тулуза" турнирлік кестеде оныншы орында келеді.