Скотт Манн: “Бір қателік үшін төрешіні ойыннан шеттету дұрыс емес”
Скот Манның пайымынша, төреші өрескел қателік жіберсе, мысалы айқын пенальти белгілемесе немесе анық қызыл қағаз көрсетпесе, оның салдары болуы керек.
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн төрешілер дауына нүкте қойды. Ол vesti.kz сұхбатына берген сұхбатында жанкүйерлердің төрешілерді ойыннан шеттету туралы пікірімен келіспейтінін айтты.
“Алдымен, мен бір нәрсеге кепілдік бере аламын: төрешісіз матч өтпейді. Сондықтан төрешілердің қателігін айтпас бұрын, біз басқа сұраққа жауап беруіміз керек: төреші болғысы келетін жас адамның жолы қалай қалыптасқан? Төрешілікке шексіз сын айтуға болады, бірақ төреші болмаса - ойын да болмайды. Қазір Қазақстанда төрешілер аз, ал матч көп. Сондықтан бұл мамандыққа жастарды белсенді тартуымыз қажет”.
Скот Манның пайымынша, төрешілер де футболшы мен бапкерлер сияқты өз жұмысына жауап беруі керек. Егер төреші өрескел қателік жіберсе, мысалы айқын пенальти белгілемесе немесе анық қызыл қағаз көрсетпесе, оның салдары болуы керек.
“Бұл қақпаға төрт рет допты дәл соға алмай, келесі турда алаңға шықпайтын ойыншыға қойылатын талаппен бірдей. Бірақ мұнда тепе-теңдік маңызды. Егер төреші матчта бір ғана айып добында қателессе, ал жанкүйерлер «оны бір аптаға шеттету керек” десе, онда мен бапкерге: “Шабуылшы бір пенальтиді соға алмады, онда оны екі аптаға алаңнан алайық” дер едім. Ешқандай бапкер бұған келіспейді. Сондықтан бұл мәселеде теңгерімді көзқарас болуы керек. Өрескел қателіктердің алдын алу қажет. Біз ҚФФ төрелік ету және қадағалау департаментінің мамандарымен осыны талқыладық”.
Сондай-ақ жаңа Бас хатшы FIFA аккредитациясы бар алты төрешімен мақтану қажетін айтыпты.
“Қазақстандық төрешілер ел намысын халықаралық деңгейде қорғап жүр. Ендігі міндет - олардың қателігін азайту, дәл футболшылар секілді, әрбір елеулі қателік жауапкершілікке әкелуі тиіс”, – деді С.Манн.