ҚФФ басшылығында ауыс-түйіс. Кім кетеді?

Бокс шолушысы

Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры және жарыстар өткізу дирекциясының жетекшісі Бақытжан Пазылхайыр қызметінен кету туралы өтініш жазған. 

ҚФФ басшылығында ауыс-түйіс. Кім кетеді?
Offside.kz

Қазақстан футбол федерациясы басшылығында кадрлық өзгеріс болуы мүмкін. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады. 

Дерексөз мәліметіне сүйенсек, ҚФФ-тің атқарушы директоры және жарыстар өткізу дирекциясының жетекшісі Бақытжан Пазылхайыр қызметінен кету туралы өтініш жазған. Ол жұмыстан өз еркімен кету туралы арыз берген. 

Функционер осы аптада ресми түрде қызметінен босатылуы мүмкін. Оның ҚФФ-тен кетуіне басқа жұмысқа ауысуы себеп. Бейресми ақпарат бойынша, Бақытжан Пазылхайыр Қазақстан футбол федерациясындағы жұмысынан кейін мемлекеттік қызметке қайта оралады.

ҚФФ-тегі қызметі

Бақытжан Пазылхайыр ҚФФ-те атқарушы директор және жарыстар өткізу дирекциясының басшысы қызметін қатар атқарып келді. Бұл бағыт федерация құрылымындағы маңызды бөлімдердің бірі саналады.

Аталған дирекция ел ішіндегі футбол жарыстарын ұйымдастыру, өткізу және регламенттік процестерді үйлестірумен айналысады.