ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

ӘЧ-2026 матчтарын Қазақстанда қайдан көруге болады?

Мундиаль ойындарын көрсету құқығы сатып алынды. 

ӘЧ-2026 матчтарын Қазақстанда қайдан көруге болады?
matchtv.ru

Қазақстандық жанкүйерлер 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын тікелей эфирде көре алады. "Қазақстан" телерадиокорпорациясы мундиаль ойындарын көрсету құқығын ресми түрде сатып алды.

Турнир матчтары елімізде Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы көрсетіледі.

Кездесулерді мына платформалардан көруге болады:

  • qazaqstan.tv
  • qazsporttv.kz
  • Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы
  • birge.tv платформасы

Осылайша Қазақстандағы футбол жанкүйерлері мундиаль матчтарын теледидардан да, интернет арқылы да тамашалай алады.

ӘЧ-2026 алғаш рет үш елде өтеді

2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде ұйымдастырылады. Турнирді АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды.

Мундиаль ойындары аталған үш елдің 16 қаласында өтеді. Сонымен қатар бұл әлем чемпионаты тағы бір тарихи өзгеріспен ерекшеленеді: жарысқа алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады.

Жалпы турнир аясында 104 матч өткізіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.