Астанада 17 миллиард теңге тұратын стадион қашан ашылады?

Жекпе-жек шолушысы

Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңартылған стадионның техникалық ашылуы келесі аптада өтеді.

Астанада 17 миллиард теңге тұратын стадион қашан ашылады?
tengrisport.kz

Стадион қайта ашылуға дайын

Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Давид Лория әлеуметтік желіде жаңа елордалық аренаны қабылдау барысынан видео жариялады. Кадрда оның Астана қаласы спорт басқармасының басшысы Василий Левитпен бірге нысанды аралап жүргенін көруге болады.

“Аңызға айналған Мұңайтпасов стадионы қайта оралады! Техникалық ашылуына бір апта қалды!” — деді Лория.

Айта кетейік, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жаңа стадион елдегі ең көне ареналардың бірінің орнына салынды. Нысан бастапқыда 2026 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілуі керек болған, бірақ ашылу мерзімі кейінге шегерілді.

Жаңа аренаның сыйымдылығы қанша?

Бұрынғы стадион 1936 жылы салынған және шамамен 12 мың көрерменге арналған еді. Ал жаңа нысанның сыйымдылығы едәуір қысқарған. Енді арена 3,6 мың көрерменді қабылдай алады.

Бұған дейін жаңа стадионның сыйымдылығы 4,5 мың орын болады деп жоспарланған. Дегенмен кейін жоба параметрлері өзгертілген.

Астана әкімдігінің мәліметінше, “Қ. Мұңайтпасов атындағы стадион құрылысы” жобасының құны ҚҚС-пен бірге 16,7 миллиард теңге. Ал ҚҚС-сыз есептегенде бұл сома 15,2 миллиард теңге шамасында.

Құрылыс жұмыстары елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен қаржыландырылып жатыр.