ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Арсенал" Англия чемпионы атанды

Лондондық "Арсенал" Англия чемпионатында кезекті тарихи жетістікке жетті. Микель Артетаның командасы Премьер-лигадағы маусымды мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтап, ел чемпионы атағын иеленді.

"Арсенал" Англия чемпионы атанды
Instagram/@arsenal

Чемпиондық тағдыр 37-турда шешілді

"Арсеналдың" чемпион атануы АПЛ-дың 37-турынан кейін ресми түрде белгілі болды. Бұл турда басты қарсыластардың бірі "Манчестер Сити" "Борнмутты" жеңе алмай, лондондық клубқа титулды мерзімінен бұрын рәсімдеуге мүмкіндік берді.

Осылайша Артетаның шәкірттері маусым соңына дейін чемпиондықты қамтамасыз етіп, жанкүйерлерін көптен күткен қуанышқа бөледі.

"Зеңбірекшілердің" 14-титулы

Бұл — "Арсеналдың" Англия чемпионатындағы 14-чемпиондығы. Лондондық клуб бұған дейін ел біріншілігінде мына маусымдарда жеңіске жеткен:

1930/31, 1932/33, 1933/34, 1934/35, 1937/38, 1947/48, 1952/53, 1970/71, 1988/89, 1990/91, 1997/98, 2001/02 және 2003/04.

Жаңа чемпиондық клуб тарихындағы маңызды белестердің бірі ретінде жазылмақ.

Англиядағы ең көп чемпион атанған клубтар

Англия чемпионаты тарихында "Арсеналдан" жоғары тұрған екі клуб бар. Олар — "Ливерпуль" мен "Манчестер Юнайтед". Екі команда да ел біріншілігінде 20 реттен топ жарған.

Ал "Манчестер Сити" өз тарихында Англия чемпионы атағын 10 рет жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.