Ұлттық құрама дебютанты "Ордабасыға" ауысты

Бокс шолушысы

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Әбинұр Нұрымбет мансабын Шымкенттің "Ордабасы" клубында жалғастырады. 

Ұлттық құрама дебютанты "Ордабасыға" ауысты
instagram/@abinur_nurymbet

“Ордабасы” жаңа трансферін таныстырды

Қазақстан Премьер-лигасының өкілі “Ордабасы” құрамын тағы бір отандық футболшымен күшейтті. Шымкенттік клуб Қазақстан құрамасының 21 жастағы жартылай қорғаушысы Әбинұр Нұрымбеттің командаға қосылғанын хабарлады.

Клуб әзірге футболшымен жасалған келісімшарттың мерзімі мен қаржылық талаптарын жариялаған жоқ.

Әбинұр Нұрымбет — Жамбыл футболының түлегі. Кәсіби деңгейде Қазақстанда бірнеше клубтың намысын қорғаған.

Футболшы бұған дейін:

  • “Тараз”;
  • “Ұлытау”;
  • “Тұран”;
  • “Ертіс”;
  • “Оқжетпес” клубтарында ойнады.

Сонымен қатар Нұрымбет шетелдік чемпионаттарда да тәжірибе жинаған. Беларусьте “Энергетик-БГУ” және “Гомель” сапында өнер көрсетсе, Өзбекстанда “Әндижанә клубының жейдесін киді.

Ұлттық құрамадағы дебют

Әбинұр Нұрымбет 2024 жылдан бері Қазақстан жастар құрамасы сапында 11 матч өткізді. Ал екі күн бұрын Қазақстан құрамасы үшін алғашқы ойынын өткізді.

Бұл дебюттен кейін футболшының “Ордабасыға” ауысуы оның мансабындағы маңызды кезеңдердің бірі болуы мүмкін.