Жұмасқалиевтің "Ертістен" неге кеткені айтылды

Жекпе-жек шолушысы

Павлодарлық "Ертісте" ФК директоры Мұрат Тілешев бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиевтің қызметінен кеткені туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Жұмасқалиевтің "Ертістен" неге кеткені айтылды
vesti.kz

Жұмасқалиев не үшін кетті?

Irbis.tv дерегіне сүйенсек, клуб Жұмасқалиевтің кеткенін ресми түрде растаған. Бірақ басшылық оның отставкасын қабылдамаға. Мұрат Тілешевтің сөзінше, Нұрбол Жұмасқалиев бас бапкер қызметінен жеке шешімімен кеткен.

“Бас бапкердің қызметінен кетуіне отбасылық жағдай себеп болды. Бұл – қазақстандық маманның жеке шешімі”, – деді Тілешев.

Осылайша клуб басшылығы жаттықтырушының кетуін спорттық нәтижемен емес, жеке себептермен байланыстырды.

Жұмасқалиев “Ертісте” неше матч өткізді?

Нұрбол Жұмасқалиев “Ертістің” тізгінін 2026 жылдың 13 мамырында ұстады. Ол бұл қызметте беларусь маманы Кирилл Альшевскийді алмастырды.

Павлодарлық команда тізгінін ұстағанға дейін Жұмасқалиев қостанайлық “Тобылды” жаттықтырған.

Ол “Ертіс” сапында 6 матч өткізді. Осы кездесулердің төртеуінде команда тең ойнаса, екі ойында жеңіліс тапты.

Қазір “Ертіс” Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде қиын жағдайда тұр. 15 матчтан кейін павлодарлық клубтың еншісінде 10 ұпай бар.