Ресей клубы "Ордабасының" жас жұлдызы үшін 3 миллион еуро ұсынған
"Ордабасы" сапындағы шабуылшы Жасұлан Әмірге Ресей Премьер-лигасының клубы қызығушылық танытқанын ASnews.kz порталы мәлімдеді.
Ресейлік “Балтика” клубы жазғы трансфер кезеңінде шымкенттік “Ордабасыға” 19 жастағы шабуылшы Жасұлан Әмірді сатып алу жөнінде ресми ұсыныс жасаған. Дереккөз мәліметінше, аталған клуб жас футболшы үшін 3 миллион еуро төлеуге дайын болған. Алайда “Ордабасы” басшылығы ұсыныстан бас тартып, маусым ортасында негізгі ойыншысын жібергісі келмейтінін жеткізген.
Трансферге қандай талап қойылды?
Футболшының өкілдері ықтимал ауысым кезінде қаржылық ұсыныстан бөлек, ойын тәжірибесіне де ерекше мән берген. Олар жаңа клубтан Жасұлан Әмірдің тұрақты ойын уақытына ие болуына кепілдік берілуін талап еткен.
2026 жылғы маусымда жас шабуылшы “Ордабасы” сапында 19 матчқа қатысып, 8 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар биыл маусым айында ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында алғашқы кездесуін өткізіп, Арменияға қарсы жолдастық матчта (1:1) нәтижелі паспен көзге түсті. Қазіргі таңда Transfermarkt порталы Жасұлан Әмірдің нарықтық құнын 500 мың еуро деп бағалайды.
“Балтика” клубының көрсеткіші
Айта кетейік, “Балтика” 2025/26 жылғы Ресей Премьер-лигасы маусымын 46 ұпаймен алтыншы орында аяқтады. Маусым барысында клуб жалпы 30 матч өткізіп, 11 жеңіске жетті, 13 кездесуде тең түсіп, 6 рет жеңілген.