"Мессиді демалысқа жібереміз": Джо Коул Англия - Аргентина матчы алдында мәлімдеме жасады
Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Джо Коул 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалы алдында батыл болжам айтты. Оның сөзінше, Англия Аргентинаны жеңіп, финалға шығады.
2026 жылғы әлем чемпионаты шешуші кезеңіне жетті. Жартылай финалда Англия мен Аргентина құрамалары кездеседі. Финал жолдамасы үшін өтетін матч Қазақстан уақытымен 16 шілдеге қараған түні басталады.
Осы ретте "Челсидің" бұрынғы жартылай қорғаушысы Джо Коул өз болжамын жасады. Ол Англия құрамасының Аргентинаға қарсы ойында басым түсетініне күмән келтірмейді.
"Біз Мессиді демалысқа жібереміз. Жүз пайыз. Англия финалға шығады. Біз Аргентина үшін тым жылдамбыз және оларды жеңеміз. Мен мұны ішкі түйсігіммен сезіп тұрмын", — деді Джо Коул.
Аргентина — қазіргі әлем чемпионы
Аргентина құрамасы 2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында топ жарған еді. Финалда Лионель Месси бастаған команда Францияны пенальти сериясында жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Сондықтан Англия үшін алдағы жартылай финал тек финалға шығу мүмкіндігі ғана емес, қазіргі чемпионды турнирден шығаруға берілген үлкен мүмкіндік болмақ.
Екінші жартылай финал ойынында Франция мен Испания кездеседі
Англия — Аргентина жұбынан бөлек, екінші жартылай финалда Франция мен Испания құрамалары өзара ойнайды.
Осы екі матчтың жеңімпаздары 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында бас жүлде үшін таласады.