Қазақстан құрамасына ресейлік бапкерді тағайындауға тосқауыл қойылды

Бокс шолушысы

Қазақстан футбол құрамасына жаңа бас бапкер іздеу жұмысына қатысты тың ақпарат шықты.

Қазақстан құрамасына ресейлік бапкерді тағайындауға тосқауыл қойылды
Inbusiness.kz

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері кім болатыны әлі белгісіз.  Дегенмен, AmanVIBE жуырда Қазақстан футбол федерациясындағы кадрлық шешімге қатысты жаңа мәлімет таратты.

Дереккөз ақпараты бойынша, ҚФФ-ның жаңа бас хатшысы Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маманды тағайындауға қарсы болған.

"ҚФФ-ның жаңа бас хатшысы Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маманның тағайындалуын бұғаттады", — деп жазды дереккөз.

Алайда ұлттық команда тізгінін ұстауы мүмкін болған ресейлік кандидаттың аты-жөні нақты айтылмады.

Жаңа бас хатшы қызметіне кірісті

Биыл Қазақстан футбол федерациясының жаңа бас хатшысы болып Скорт Мунн тағайындалғаны хабарланған еді.

Ол ресми түрде 13 шілдеден бастап қызметіне кірісті. Скорт Мунн бұған дейін Англия Премьер-лигасында жұмыс істеді. Атап айтқанда, "Тоттенхэм Хотспур" клубында футбол директоры қызметін атқарды.

Құрама жаңа бапкер іздеп жатыр

Қазақстан құрамасы қазір жаңа бас бапкер іздеуде. Бұған дейін ұлттық құраманы басқарған Талғат Байсуфинов қызметінен кеткен еді.

Оның отставкасы туралы ресми ақпарат 22 маусымда жарияланды.