Австралия құрамасының футболшысы әлем чемпионатынан кейін есірткі дауына қалды

Жекпе-жек шолушысы

Австралия құрамасы мен италиялық "Сассуоло" клубының жартылай қорғаушысы Кристиан Вольпато жол ережесін бұзып, кейін кокаинге тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен соң үлкен даудың ортасында қалды.

Австралия құрамасының футболшысы әлем чемпионатынан кейін есірткі дауына қалды
football24.ua

Вольпато бір кеште екі рет полицияға ұсталды

The Sun басылымының мәліметінше, 22 жастағы футболшыны полиция қызметкерлері бір кештің ішінде жылдамдықты шамадан тыс асырғаны үшін екі рет тоқтатқан.

Алғашқы оқиға бейсенбі күні кешке болған. Кристиан Вольпато BMW көлігімен жылдамдық шектеуі сағатына 60 шақырым болатын жол бөлігінде шамамен 94 шақырым жылдамдықпен жүрген.

Полиция футболшыны тоқтатып, алкогольге тексерген. Тест ешқандай заңбұзушылықты анықтамаған соң, оған сапарын жалғастыруға рұқсат берілген.

Дегеннмен арада шамамен екі сағат өткенде Вольпато сол жолда тағы да полиция назарына түсті. Бұл жолы оның көлік жылдамдығы сағатына 109 шақырымға жеткен.

Кокаинге тапсырған тест оң нәтиже көрсетті

Екінші тексеру кезінде футболшының ағзасында кокаин бар-жоғын анықтауға арналған тест оң нәтиже көрсеткен.

Оқиғадан кейін Вольпатоға жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынды. Сонымен қатар оның халықаралық жүргізуші куәлігін пайдалану құқығы алты айға тоқтатылды.

Кристиан Вольпато 2026 жылдың жазында Австралия құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысты.

Австралия құрамасы турнирдің 1/16 финалына дейін жетіп, Мысырмен негізгі уақытты 1:1 есебімен аяқтады. Пенальти сериясында австралиялықтар жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Вольпато әлем чемпионатында үш матчқа қатысқанымен гол немесе нәтижелі паспен көзге түсе алмады.