"Нағыз машина": Дастан Сәтпаевты Мбаппемен салыстырды

Бас редактор

"Челси" клубының фан-аккаунты Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың лондондық клубтағы келешегіне қатысты пікір білдірді. 

"Нағыз машина": Дастан Сәтпаевты Мбаппемен салыстырды
pin-upsport.kz

Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев "Челси" жанкүйерлерінің назарын өзіне аударды. Лондондық клубқа арналған O-O-P фан-аккаунты 17 жастағы футболшының әлеуетін жоғары бағалады.

Сәтпаев - "нағыз машина"

18,6 мың оқырманы бар фан-аккаунт авторы Дастан Сәтпаевтың даму қарқынына ерекше тоқталды.

"Сәтпаев — қалыптасу үстіндегі нағыз машина! "Челсидегі" таланттар деңгейі қазір шектен тыс жоғары. 17 жастағы ойыншы Чемпиондар лигасының іріктеу матчтарында гол соғып, ұлттық құраманың негізгі сапында ойнап үлгерді. Оның ойынында Агуэро мен Мбаппе стилі байқалады. Енді ол Хаби Алонсоның қол астында тек дамумен болады ма? Бұл әділетсіз", — деп жазды аккаунт авторы.

Жазбада сондай-ақ, Сәтпаевтың ойыны жасына қарамастан қалыптасқан футболшыға ұқсайтыны айтылады.

Автор қазақстандық шабуылшының екі аяқпен де ойнай алатынын, тар кеңістікте сенімді қимылдайтынын және шабуылда қауіпті екенін атап өтті.

"Ең қорқыныштысы — оның ойыны қазірдің өзінде өте жақсы қалыптас: екі аяқпен де ойнайды, шағын кеңістікте сенімді, шабуылда өте қауіпті", — делінген жазбада.

"Челси" болашақ жұлдыздар империясын құрып жатыр

Фанаттық аккаунттың пікірінше, "Челси" академиясы мен негізгі командасы болашақ супер жұлдыздарды дайындауға бағытталған үлкен жоба құрып жатыр.

"Кобхэм болашақ супер жұлдыздардың нағыз империясын құрып жатыр, ал Сәтпаев соның дәл ортасында болады", — деп жазды автор.

Айта кетейік, қазіргі таңда Дастан Сәтпаев "Челсидің" негізгі құрамымен бірге Австралиядағы маусым алдындағы турнеде жүр.