Кейн көш бастады, Месси үздік бестікте: "Алтын допқа" басты фавориттер аталды

Бокс шолушысы

2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін букмекерлер "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткерлердің жаңартылған тізімін ұсынды. 

Кейн көш бастады, Месси үздік бестікте: "Алтын допқа" басты фавориттер аталды
rbc.ru

Харри Кейн басты фаворит. Букмекерлердің бағалауынша, 2026 жылғы "Алтын допты" жеңіп алуға ең жоғары мүмкіндік Харри Кейнде.

Германияның "Бавариясы" мен Англия құрамасының шабуылшысының жүлдені иелену ықтималдығы 40 пайыз деп көрсетілген. Осы көрсеткішпен ол жаңартылған тізімде бірінші орынға шықты.

Екінші орынға Испания құрамасымен әлем чемпионы атанған Ламин Ямал жайғасты. "Барселона" сапында өнер көрсететін жас вингердің "Алтын допты" жеңіп алу мүмкіндігі 33 пайызға бағаланған. 

Үздік үштікте Испания құрамасы мен "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Родри бтұр. Букмекерлер оның жеңіске жету ықтималдығын 22 пайыз деп есептейді. 

Мбаппе мен Месси де тізімде бар

Жаңартылған тізімге Франция құрамасы мен "Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе де енді. Оның "Алтын допты" жеңу мүмкіндігі 17 пайызға бағаланған.

Ал Аргентина құрамасының капитаны, "Интер Майами" ойыншысы Лионель Месси 9 пайыздық ықтималдықпен үздік бестікке кірді.