"Тараздың" бұрынғы бас бапкері Қазақстанға неге оралмайтынын түсіндірді
"Тараз" футбол клубының бұрынғы бас бапкері Юрий Максимов Қазақстаннан ұсыныс алғанын, бірақ оны қабылдамаған. Украиналық маман өзіне жоғары мақсат қоятын амбициялы команда керек екенін жеткізді.
Украиналық бапкер Юрий Максимов Полтаваның "Ворскла" клубынан кеткеннен кейін бірнеше ұсыныс алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, оған Қазақстан мен Әзербайжан клубтары қызығушылық танытқан.
Алайда Максимов бұл ұсыныстардың ешқайсысын қабылдамаған. Себебі маман өзін жоғары орындарға таласатын, нақты спорттық мақсаты бар командада көргісі келеді.
"Маған сұраныс жоқ десем, бұл өтірік болар еді. Қазақстан мен Әзербайжаннан ұсыныстар болды, бірақ мен келісім берген жоқпын", — деді Максимов.
Максимовтың сөзінше, оған ұсыныс жасаған клубтар алдына үлкен мақсат қоймаған. Сондықтан ол мұндай жобаларға уақыт пен күш жұмсағысы келмеген.
"Неге? Әңгіме жоғары мақсат қоймайтын клубтар туралы болды. Сондықтан уақыт пен күшімді босқа жұмсамауға шешім қабылдадым. Бірақ мен жаңа сын-қатерлерге дайынмын. Жалғыз тілегім — бұл амбициясы бар команда болуы керек. Оның Украинадан немесе шетелден болуы маңызды емес", — деді украиналық маман.
"Ворскладан" кейін жұмыссыз жүр
Юрий Максимов 2025 жылдың маусымында Полтаваның "Ворскла" клубынан кеткеннен кейін әзірге жаңа команда тапқан жоқ.
Юрий Максимов қазақстандық футбол жанкүйерлеріне "Тараздағы" жұмысы арқылы жақсы таныс.
Украиналық маман жамбылдық клубты 2016-2017 жылдары басқарды. Сол кезеңде ол команда тарихында өзіндік із қалдырған бапкерлердің бірі ретінде есте қалды.