Адиев, Бабаян мен Нұрдәулетов: Қазақстан құрамасының бапкері кім болады?

Бас редактор

Қазір Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметіне бірнеше маманның кандидатурасы қарастырылып жатыр.

Адиев, Бабаян мен Нұрдәулетов: Қазақстан құрамасының бапкері кім болады?
Offside.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін тағайындау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. ASnews.kz мәліметінше, Магомед Адиев бұл қызметке негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр. 

Дереккөз ақпараты бойынша, 49 жастағы ресейлік маман Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлердің қысқа тізіміне кірген. Сондай-ақ онымен алдын ала келіссөздер жүргізілгені хабарланды. 

Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасын 2022 жылдан 2024 жылға дейін жаттықтырды. Кейін Адиев клубтық деңгейдегі жұмысын жалғастырды.

Оның бапкерлік еткен ұжымдар арасында грозныйлық "Ахмат", Мәскеу облысының "Химки", Самараның "Крылья Советов" клубтары, сондай-ақ Беларусьтің "МЛ Витебск" командасы бар.

Отандық бапкерлер де қарастырылып жатыр

Адиевтен бөлек, Қазақстан құрамасын басқаруға жергілікті мамандардың да кандидатурасы қарастырылуда.

Үміткерлер қатарында Григорий Бабаян, Қайрат Нұрдәулетов және басқа да бапкерлер бар екені айтылды. Қазір Қазақстан футбол федерациясы жаңа бас бапкерді таңдау жұмысын жалғастырып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметі бос. Мамыр айында Талғат Байсуфинов бұл қызметтен кеткен болатын.