Дастан Сәтбаев "Челсидегі" алғашқы голын соқты (ВИДЕО)
17 жастағы футболшы австралиялық "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы жолдастық кездесуде есеп ашты.
Дебюттік гол
Дәл қазір лондондықтар Австралияда "Вестерн Сидней Уондерерс" клубына қарсы жолдастық матч өткізіп жатыр.
Кездесудің алғашқы голын Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев соқты. Осылайша қазақстандық футболшы ағылшын клубы сапындағы алғашқы нәтижелі соққысын тіркеді.
Сәтбаев кездесуді негізгі құрамда бастады. Ол шабуыл шебінде Лиам Делап және Кавума-Маккуинмен бірге өнер көрсетті.
Қазақстандық футболшының тарихи жетістігі
Бұл гол Дастан Сәтбаевтың "Челси" жейдесіндегі алғашқы голы ретінде тарихқа енді. Бұған дейін лондондық клуб жас қазақстандық футболшыны маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қосқан.
Сәтбаев "Челсиге" алматылық "Қайраттан" ауысқан.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.