"Ақтөбе" жаңа бас бапкерді тағайындауға дайындалып жатыр

Бокс шолушысы

"Ақтөбе" ФК жақын күндері команданың жаңа бас бапкерді ресми түрде таныстырады. 

"Ақтөбе" жаңа бас бапкерді тағайындауға дайындалып жатыр
Instagram/@fcaktobe_official

Жаңа маман Ақтөбеде жүр

"Қызыл-ақтарды" ресейлік-тәжікстандық маман Игорь Черевченко жаттықтырады деп күтілуде. Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев жазды. 

Тәжірибелі маман Ақтөбеге келіп қойған және алдағы уақытта команданы жаттықтыруға кіріседі.

Команданы Қазақстан Премьер-лигасының соңғы екі турында уақытша басқарған Ернар Жалбыров Черевченконың бапкерлер штабына қосылады. Тәжірибелі маманмен бірге жұмыс істеу жас қазақстандық бапкерге кәсіби тұрғыда дамып, қосымша тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.

"Ақтөбе" қатарынан екі матчта жеңіске жетті

Ернар Жалбыровтың жетекшілігімен ақтөбелік команда Қазақстан Премьер-лигасында екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Әуелі сырт алаңда "Алтайды" 4:2 есебімен ұтса, кейін өз алаңында көкшетаулық "Оқжетпесті" 2:1 нәтижесімен жеңді.Х

"Ақтөбе" ҚПЛ-дың 19 турынан кейін 31 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орында келеді.