Кукурелья сөзінде тұрды (ВИДЕО)
Испания құрамасының қорғаушысы Марк Кукурелья 2026 жылғы әлем чемпионатының алдында берген ерекше уәдесін орындады.
Уәде орындалды
Марк Кукурелья әлем чемпионатынан кейін Луис де ла Фуэнтенің бейнесін татуировка етіп салдырды. Ол жаңа татудың суретін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Уәдені орындау керек", — деп жазды испаниялық футболшы.
Татуировкада Луис де ла Фуэнте костюм киіп, қолына әлем чемпионатының кубогын ұстап тұрған күйде бейнеленген. Оның ар жағында әлем біріншілігінің логотипі де көрсетілген.
Татуировканы танымал испаниялық шебер саллы
Жұмыстың авторы — белгілі татуировка шебері Хоакин Ганга. Ол бұған дейін теннисші Карлос Алькарасқа, UFC жұлдызы Илия Топурияға және өзге де танымал спортшыларға татуировка жасап берген.
Кукурелья әлем чемпионаты басталар алдында Испания құрамасы турнирде жеңіске жетсе, бас бапкер Луис де ла Фуэнтенің портретін денесіне салдыруға уәде еткен еді.
Испания әлем чемпионы атанғаннан кейін қорғаушы сөзінде тұратынын мәлімдеді. Ал Де ла Фуэнте футболшыға берген уәдесін әзілмен еске салған.