"Челси" "Тоттенхэммен" матчтан кейін Дастан Сәтпаевтың жаңа видеосын жариялады
Лондондық клуб Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев қатысқан жаңа бейнероликті көпшілік назарына ұсынды.
Сәтпаев Бонди жағажайында жүзу шеберлігін көрсетті
"Челсидің" баспасөз қызметі клубтың ресми әлеуметтік желілерінде Австралиядағы оқу-жаттығу жиынынан түсірілген жаңа видео жариялады.
Қысқа бейнероликте лондондық команданың бірнеше ойыншысы, оның ішінде 17 жастағы Дастан Сәтпаев Бонди жағажайында суға сүңгу және жүзу дағдыларын жетілдіріп жүргенін көруге болады.
Клуб видеоға:
"Бондиге саяхат!" — деген қысқаша сипаттама қалдырған.
Сәтпаев "Тоттенхэмге" қарсы ойында алаңға шықты
Еске салайық, бұған дейін Сиднейдегі "Аккор" стадионында "Челси" мен "Тоттенхэм" арасында жолдастық кездесу өткен.
Лондондық дербиде "Хотспур" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Дастан Сәтпаев кездесудің 70-минутында бразилиялық Эстевао Виллианның орнына шықты.
Қазақстандық футболшы ойын барысында белсенділік танытқанымен гол немесе нәтижелі паспен көзге түсе алмады.
Австралиядағы оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін Хаби Алонсоның шәкірттері Азия елдеріндегі маусым алдындағы турнесін жалғастырады.