Түркияда 25 мың жанкүйер Салахты әуежайдан қарсы алды (ВИДЕО)

Спорт шолушысы

Мохамед Салахтың "Трабзонспорға" ауысуы Түркияда үлкен оқиғаға айналды.

Түркияда 25 мың жанкүйер Салахты әуежайдан қарсы алды (ВИДЕО)
instagram/trabzonspor

Әлемдік деңгейдегі футболшыны қарсы алу үшін мыңдаған жанкүйер әуежайға жиналды. 34 жастағы футболшы алдымен Стамбұлға ұшып келіп, медициналық тексерістен өтті. Кейін Трабзон қаласына аттанған Салахты әуежайдан шамамен 25 мың жанкүйер қарсы алды.

“Мұндайды бұрын-соңды көрген емеспін”

Мохамед Салах жанкүйерлердің ыстық ықыласына тәнті болғанын жасырмады.

“Осындай керемет атмосферада болғаныма өте қуаныштымын. Мұндайды бұрын-соңды көрген емеспін. Мұнда 25 мың адам жиналған, бұл керемет! Мен қай командада ойнасам да жетістікке жеттім. Енді “Трабзонспормен” бірге табысқа қол жеткізгім келеді”, – деді мысырлық футболшы.

Бүгін, 6 тамызда Трабзондағы Papara Park стадионында Салахтың келісімшартқа қол қою рәсімі өтеді. Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, тараптар футболшының жылдық жалақысы шамамен 17 миллион еуроны құрайтын екі жылдық келісімшартқа қол қоюы мүмкін.

“Ливерпульдан” кейінгі жаңа кезең

Салах 2025/26 жылғы маусым аяқталған соң тоғыз жыл өнер көрсеткен “Ливерпульмен” қоштасқан еді. Осы уақыт ішінде ол ағылшын клубы сапында 442 матчқа қатысып, 257 гол соғып, 120 нәтижелі пас берді.