Гави уәдесінде тұрып, шашын бояды (ФОТО)

Спорт шолушысы

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Гави жанкүйерлерге берген уәдесін орындады.

Гави уәдесінде тұрып, шашын бояды (ФОТО)
instagram/pablogavi

22 жастағы “Барселона” ойыншысы турнирдің топтық кезеңінде Испания құрамасы әлем чемпионы атанса, шашын қызғылт түске өзгертетінін айтқан болатын.

Уәде орындалды

Испания құрамасы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, ел тарихында екінші рет әлем кубогын иеленді. Осы жеңістен кейін Гави әлеуметтік желідегі парақшасында қызғылт шаш үлгісімен түскен суреттерін жариялады. Футболшы жазбасына:

“Сөзінде тұратын адам”, – деген қысқа пікір қалдырды.

Испанияның тарихи жеңісі

2026 жылғы әлем чемпионатында Испания алғашқы ойында Кабо-Верде құрамасымен 0:0 есебімен тең түскенімен, кейінгі кездесулердің барлығында жеңіске жетіп, турнирдің басты жүлдесін жеңіп алды. Финалдық матчта испандық ойыншылар Аргентина құрамасынан басым түсті.

Гавиден бөлек испаниялық қорғаушы Марк Кукурелья да турнир алдында берген уәдесін орындады. Ол ұлттық құраманың бас бапкері Луис де ла Фуэнтенің бейнесін денесіне татуировка ретінде салдырды.