Каннаваро әлем чемпионатындағы сәтсіздіктің себебін ашық айтты
Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро футболдан әлем чемпионатындағы команданың нәтижесіне пікір білдірді.
Италиялық маманның айтуынша, ұлттық құраманың басты мәселелері туралы бапкер әлем чемпионаты басталмай тұрып-ақ бірнеше рет ескерткен.
“Сегіз-тоғыз ай бұрын құраманың деңгейі мен негізгі мәселелері жайлы айтқан едім. Біз үнемі ойын қарқынына назар аудардық. Футболшылар жоғары жылдамдықпен ойнауы керек екенін бірнеше рет қайталадық. Әлем чемпионатында ойынның қарқыны өте жоғары болатынын білдім. Көпшілік қиындық болмайды деп ойлаған шығар, бірақ мен бұл туралы алдын ала ескерткенмін”, – деді.
Әлем чемпионатындағы нәтиже
2026 жылғы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы топтық кезеңдегі үш кездесудің барлығында жеңіліс тапты. Команда Португалиядан 0:5, Колумбиядан 1:3 және Конго Демократиялық Республикасынан 1:3 есебімен ұтылып, турнирді ерте аяқтады.
Жалақы туралы қауесетке жауап берді
Баспасөз мәслихатында Каннаваро өзінің жалақысына қатысты тараған ақпаратқа да тоқталды.
“Менің жылдық жалақым 4 миллион еуро емес. Мұндай жалған ақпарат жиі таралады, оған сенбеу керек”, – деді бапкер.
Еске салсақ , Фабио Каннаваро Өзбекстан құрамасын 2025 жылдан бері жаттықтырып келеді.