ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Арсенал" Дастан Сәтпаевтың командаласын сатып алмақ

Лондондық "Арсенал" шабуыл шебін күшейту үшін "Челси" мен Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Педру Нетуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы инсайдер Саймон Филлипс хабарлады.

"Арсенал" Дастан Сәтпаевтың командаласын сатып алмақ
dynamo.kiev.ua

Ағылшын Премьер-лигасында тағы бір ірі трансферлік ауысым талқылана бастады. "Арсенал" басшылығы шабуылдағы бәсекені арттыру мақсатында "Челси" футболшысы Педру Нетуды ықтимал нұсқалардың бірі ретінде қарастырып жатыр.

"Челси" ойыншыны жібергісі келмейді

"Челси" 26 жастағы Педру Нетумен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ. Дегенмен клуб футболшыға қатысты ұсыныстарды қарастыруға дайын екені айтылып отыр. Бұл жағдай "Арсеналға" трансфер бойынша келіссөз бастауға мүмкіндік беруі ықтимал.

Айта кетейік, Педру Нету бұған дейін де бірнеше ағылшын клубының назарына іліккен.

Ақпаратқа сәйкес, вингерге "Манчестер Сити", "Ливерпуль" және "Тоттенхэм" тарапынан қызығушылық болған. Енді бұл қатарға "Арсенал" да қосылып отыр.

Өткен маусымдағы статистикасы

Педру Нету өткен маусымда барлық турнирде 52 матч өткізді.

Португалиялық футболшы осы кездесулерде 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіш оның шабуылдағы тұрақты өнімділігін көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?