"Сан-Паулу" автобусы 86,5 келі марихуанамен ұсталды
Құқық қорғаушылар бірнеше адамды қамауға алды.
Оңтүстік Америка футболында күтпеген оқиға тіркелді. "Сан-Паулу" клубының автобусы Боливияға бара жатқан жолда есірткі тасымалына қатысты тексеріске іліккен. Құқық қорғаушылар көліктен 86,5 келі марихуана тауып, үш адамды қамауға алды.
Ақпаратқа сәйкес, есірткі тасымалын ұйымдастырғандар "Сан-Паулу" логотипі бар автобусты полиция тексермейді деп ойлаған.
Алайда полиция көлікті бәрібір тексеріп, заңсыз заттарды анықтады.
"Сан-Паулу" жағдайдан бейхабар болған
Бразилиялық клубтың бұл жағдайдан хабары болмаған.
Оқыс оқиғаға байланысты клубқа Боливияға сапарын жалғастыру үшін басқа автобус берілді. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?