Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы Словакияға жетті

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы кезекті матч қарсаңында Словакияның Кошице қаласына ұшып барды.

Қазақстан құрамасы Словакияға жетті
ҚФФ

Федерацияның әлеуметтік желілерінде Словакияға келген құраманың бірнеше ойыншысы мен бас бапкер Джон ван’т Шкип бейнеленген суреттері жарияланды.

Қазақстандық футболшылар мен жаттықтырушылар штабы Фарер аралдарына қарсы алғашқы ойыннан кейін бірден чартерлік рейспен Кошицеге жол тартқан. 2310 шақырымдық қашықтықтағы сапар 2 сағат 50 минутқа созылған.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бірінші турындағы матчта Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түскен. Екінші тур аясында қазақстандық футболшылар Словакиямен кездеседі.

Ойын 29 қыркүйекте Кошице қаласындағы футбол аренасында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?