Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нұрдәулетов еурокубокқа қатысқан клубтың бас бапкері атануға үміткер

Қазақстандық белгілі маман Семейдің "Елімай" ФК бас бапкері қызметіне үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып жатыр.

Нұрдәулетов еурокубокқа қатысқан клубтың бас бапкері атануға үміткер
team.abff.by

Нұрдәулетов "Елімайды" тізгіндей ме?

43 жастағы қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов бапкерлік мансабын Семейде жалғастыруы мүмкін. Ол бас бапкерсіз қалған "Елімайдың" тізгінін ұстауға негізгі үміткерлердің бірі ретінде аталып отыр.

Дегенмен әзірге тараптардың келісімге келгені немесе ресми келіссөз жүргізіп жатқаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Қазір Нұрдәулетов "Жетісудың" бас бапкері қызметін атқарады. Ол талдықорғандық командаға 2026 жылдың басында қайта оралған. 

Бұған дейін қандай командаларды жаттықтырды?

Қайрат Нұрдәулетов қазақстандық футболда бапкерлік тәжірибесі бар мамандардың бірі саналады.

Ол әр жылдары Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасын жаттықтырды. Сонымен қатар "Мақтаарал", "Ертіс" және "Оқжетпес" футбол клубтарының бас бапкері қызметін атқарған.

Бұдан бөлек, Нұрдәулетов Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген.

Айта кетейік, 29 қазанда "Елімай" Андрей Карповичтің қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады. Осылайша қазақстандық команда жаңа маусым қарсаңында бас бапкерсіз қалды. Енді клуб басшылығы жаттықтырушылар штабына жетекшілік ететін жаңа маманды анықтауы тиіс.

Еске салайық, "Елімай" өткен маусымда өз тарихында алғаш рет УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алған. Алайда семейлік ұжым еурокубоктағы алғашқы айналымнан аса алмады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Елімай 6-орын