Стас Покатилов екі гол жіберіп алды
Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін "Сабах" клубы Әзербайжан Премьер-лигасының 11-турында жеңіске жете алмады.
Жеңісті уысынан шығарып алды
Әзербайжан чемпионатының 11-туры аясында "Сабах" пен "Шамахы" командалары кездесті. Тартысты өткен ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Алаң иелері сапынан Карлос Эдуардо мен Джой-Ланс Микелс қарсылас қақпасын дәл көздеді. Ал "Шамахы" құрамында Оруй Маммадов гол соқты. Сонымен қатар "Сабах" ойыншысы Рахман Дашдамиров өз қақпасына доп жіберіп алды.
Стас Покатилов екі гол жіберіп алды
Айта кетейік, "Сабах" қақпасын Қазақстан құрамасының голкипері Стас Покатилов қорғайды. Қазақстандық футболшы әзербайжандық клубтың негізгі қақпашысы әрі капитаны саналады.
Бұл жолы Покатилов өз қақпасына екі гол жіберіп алды. Нәтижесінде оның командасы өз алаңында маңызды екі ұпайдан қағылды.
11-турдағы тең нәтижеден кейін "Сабах" Әзербайжан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр.
Стас Покатиловтың командасы келесі кездесуінде 20 қарашада "Сумгаит" клубымен күш сынасады.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.