Айбол Әбікеннің голы ҚПЛ-2026 маусымының үздігі атанды
"Қызылжар" жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен Қазақстан премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы ең үздік голдың авторы атанды.
Үздік голды "Қайсар" сапында соққан
Әбікен көзге түскен кездесу ҚПЛ-дың 20-туры аясында өткен. Сол уақытта Қызылорданың "Қайсар" клубында өнер көрсеткен жартылай қорғаушы "Қайраттың" қақпасын алыстан дәл көздеген.
Осылайша "Қайрат" түлегінің өзі тәлім алған клубқа қарсы матчтағы голы маусымның ең үздік добы атанды.
Әбікен маусымды қалай өткізді?
Жартылай қорғаушы аяқталған чемпионатта 20 матчқа қатысып, төрт гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Маусымды "Қайсар" сапында бастаған футболшы 2026 жылдың маусымында петропавлдық "Қызылжарға" ауысқан. Жаңа командасы чемпионатты 33 ұпаймен оныншы орында аяқтады. Ал қызылордалық клуб премьер-лигадағы орнын сақтап қала алмады.
Айбол Әбікен ұлттық құрамадағы алғашқы кездесуін 2019 жылдың қыркүйегінде өткізген. Жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасы сапында 19 матчқа қатысып, бір гол соққан.