Тапалов "Қайрат" сапындағы соңғы матчын өткізеді
Қазақстан құрамасының 33 жастағы қорғаушысы Еркін Тапалов алматылық ұжымнан кетеді.
AmanVIBE Telegram-арнасының хабарлауынша, футболшы 26 қарашада клуб сапында соңғы рет алаңға шығады.
Қорғаушы алматылық клубта екі маусым өткізіп, команда сапында ішкі және халықаралық жарыстарға қатысты. 26 қарашадағы кездесуден кейін футболшы мен клуб серіктестігін аяқтайды.
Тапаловтың келесі клубы мен алдағы жоспары әзірге жарияланған жоқ.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті:
Қайрат 2-орын