ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Эрлинг Холанд әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Жуырда Transfermarkt порталы АПЛ футболшыларының трансферлік құнын жаңартқан болатын. 

Эрлинг Холанд әлемдегі ең қымбат футболшы атанды
sportingnews.com

«Манчестер Сити» командасының шабуылшысы Эрлинг Холанд әлемдегі ең қымбат футболшы атанды. Жуырда беделді Transfermarkt интернет-порталы ағылшын премьер-лигасында ойнайтын футболшылардың трансферлік бағасына өзгеріс енгізген болатын. Оған сай, Холанд 200 миллион фунт стерлингке бағалады. 

Екінші орында — Килиан Мбаппе, Джуд Беллингем және Винисиус Жуниор. Олардың трансферлік бағасы 180 миллион фунт стерлинг. 

Айта кетейік, ағымдағы маусымда Холанд барлық турнирі есептегенде жеті матчқа қатысып, 10 гол соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.