Қазақстан-Словения матчына тегін автобустар ұйымдастырылады
Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.
ru.wikipedia.org
13 қазан күні сағат 18:00-де Алматының Орталық стадионында УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезең аясында "Қазақстан–Словения" матчы өтеді. Осыған байланысты Алматы қаласының Спорт басқармасы жанкүйерлерге билетті алдын ала сатып алуға шақырды.
Сондай-ақ жолаушылар легінің артуына байланысты Орталық стадион арқылы өтетін №34, 92, 118, 120, 120а, 79, 121 автобустарының бағыты күшейтілмек. Қосымша 8 автобус бөлініп, тегін экспресс-маршруттар ұйымдастыру көзделген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet